«ВизаМед Плюс» ЖШС-нің негізі 2004 жылы қаланған, және оның негізгі қызметі Қазақстан Республикасы мен одан тыс шетелдік нарықтарды медициналық техника мен жабдықтармен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда біздің компания медициналық мекемелерді жабдықтау саласындағы Қазақстанның ең ірі және тұрақты медициналық компанияларының бірі.

 

Компания құрылған күнінен бастап денсаулық сақтау саласындағы көптеген мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы болып келеді. Мәселен, біз алғашқылардың қатарында «Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында медициналық жабдықтар мен шығын материалдарын жеткізуді бастадық.

 

Біз Қазақстанның ірі клиникаларын, ғылыми-зерттеу институттарын, әскери госпитальдарын, диспансерлерін, емханаларын, перзентханаларын, түрлі меншік нысанындағы медициналық мекемелерін, соның ішінде ЭКҰ орталықтарын жабдықтап келеміз.

 

Компания көптеген жобаларды сәтті жүзеге асырды, соның ішінде Германияның KWF банкінің Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп бөлінген халықаралық гранты аясында туберкулезге қарсы диспансерлерді жабдықтау жобасы жүзеге асырылды.

 

Компания келесі негізгі медициналық бағыттар бойынша қызметін сәтті жалғастырып келеді:

- Жалпы хирургия

- Реанимация және анестезиология

- Таза бөлмелер

- Молекулярлық-генетикалық диагностика: ПТР, FISH, aCGH, NGS

- Патологоанатомиялық зертхана

- Онкологиялық аурулардың диагностикасы мен оларды емдеу

- Гинекология және андрология

- Көмекші репродуктивті технологиялар: ЭКҰ зертханасы

- Симуляциялық құрал-жабдықтар: манекендер, муляждар

 

Компанияның бәсекелестік артықшылықтары – ең соңғы әлемдік технологияларға сәйкес заманауи медициналық жабдықтар мен бұйымдарды жеткізу, сондай-ақ толыққанды жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша кешенді жобаларды әзірлеу мен оларды кепілдік және сервистік қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, компания Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының жыл сайын ұйымдастыратын КАРМ конгрессінің бас демеушісі бола отырып, конгресс аясында отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарларын ұйымдастырады.

Біздің миссиямыз – заманауи медициналық жабдықтар мен жоғары сапалы медициналық бұйымдармен қамтамасыз ете отырып,  практикалық денсаулық сақтау үдерісіне инновациялық, тиімді және аз инвазивті технологиялар мен әдістерді ендіру арқылы ұлт денсаулығын сақтауға үлесімізді қосу.

Наши бренды