• Sperm Processor – андрология лабораторияларын жабдықтау саласындағы танымал бренд. 1998 ж. бері компания ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен, өнімдерді өндіру мен оның маркетингімен айналысып келеді. Компания өнімдерінің шатырлы бренді – Sperm 360° андрология лабораторияларына арналған кешенді шешімдерді ұсынады.
  • Sperm Processor миссиясы – соңғы ғылыми жетістіктерге және диагностикалық қажеттіліктерге сәйкес ер бедеулігінің себептерін бағалауға арналған жоғары сапалы жабдықтар мен шығын материалдарын жобалау, әзірлеу және өндіру.
  • Өз саласында жинақтаған білімі мен андрология зертханаларының қажеттіліктерін түсінуінің арқасында Sperm Processor өнімге деген сұраныс пен оны қанағаттандырудың арасындағы айырмашылықты жою бағытында жұмыс істейді. Осылайша, компания лаборатория талаптарына сәйкес келетін және оның жұмысының нәтижелілігін арттыратын өнімдерді сәтті жобалап әзірледі, оның ішінде: Sperm Meter (Маклер камерасы), SFT Kits (сперматозоидтардың функционалдығын анықтауға арналған тест жиынтықтары), құралдар, аксессуарлар, пластиктен жасалған бұйымдар және шығын материалдары.
  • Sperm Soft CASA – сперматозоидтардың сапасын ДДСҰ стандарттарының (5-басылым) барлық талаптарына сәйкес параметрлер бойынша талдауға арналған бірегей бағдарламалық жасақтама,
  • Компанияның барлық өнімдері ISO-13485:2003 стандарттарына лайық және ЕО мемлекеттерінің стандарттарына сәйкес келетін CE аккредиттациясы бар.
  • Сонымен қатар, Sperm Processor біліммен алмасуға ықпал ету мақсатымен Оман, Пәкістан, Бангладеш, Непал, Шри-Ланка, Дубай, Үндістан, Қазақстан және Ұлыбританияда андрология мамандарына арналған оқу курстарын ұйымдастырады.
  • «ВизаМед Плюс» ЖШС Sperm Processor компаниясының Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Республикаларының  аумағындағы эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады.